USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биыл ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 140 млрд теңге жұмсалды

  • 28.мамыр.2021, 14:15,
  • 595

Биыл бес айда 140 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті. 

«Жалпы, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі оң динамиканы көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 2021 жылғы бес ай ішінде 140 млрд теңгеге жуық сомаға 8 700 техника сатып алынды. Бұл Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал етеді», - деді А. Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол жыл соңына қарай техниканы сатып алу бойынша аталған соманы 240 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. «Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың аяқталғанын атап өткім келеді. Тұтастай алғанда біздің қаржы институттарынан 128 млрд теңге бөлінді», - деді бірінші вице-министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биылдың егіс науқанын 3 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Шаруалар тұқымдық материалмен толық қамтылған. Тексерілген тұқымдардың 90 пайызы бірінші, екінші егістік стандартына сай келеді.



#АШМ #техника #егунауқаны #қаржы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.10.2020
14.10.2020
24.08.2020
27.11.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930