USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Иранда ерлі-зайыптылар үйге жас қыздарды әкеле беретін "бұзық" ұлын өлтірді

  • 20.мамыр.2021, 11:47,
  • 218

Иранда 47 жастағы кинорежиссер Бабак Хоррамдиннің ата-анасы ар-намыс үшін ұлын өлтіргенін мойындады. 

Кинорежиссердің жіліктелген денесі жексенбіде Тегеранның бірнеше ауданындағы қоқыс жәшіктерінен табылған. Ата-анасы ұлының "ұятсыз" өмір сүріп, отбасын құрудан бас тартқаны үшін өлтіргенін мойнына алған.

Режиссердің әкесі кісі өлтіру, шешесі кісі өлтіруге көмектесу айыбымен қамалды. Сот мәліметінше, Бабактың әкесінің ақыл-есі дұрыс, ол жасаған ісіне өкінбейтінін білдірген.

Ирандық кинорежиссер 2009 жылы Тегеран университетін бітіргеннен кейін, көп уақыт Лондонда тұрған. Англияда біраз фильмдер түсіріп, кейін Иранға оралған. Тегеран сотының төрағасы Мұхаммад Шахриаридің мәлімдеуінше, әкесі ұлына есінен тандыратын дәрі беріп, содан кейін өлтірген.


Ол мені және шешесін тыңдамады. Біздің беделімізге нұқсан келтірді. Күнде жас қыздарды сабақ үйретемін деген сылтаумен үйге алып келіп жүрді. Біз қарсылық білдіргенде, дөрекі жауап қайтарды. Біз оны қиындықпен өсірдік. Ол болса, мені және шешесін ұрып-соғып келді. Менде басқа таңдау болмады, - деген Бабак Хоррамдиннің әкесі.


Тегеран сотының төрағасы сонымен бірге режиссердің әке-шешесі екі адамды өлтіргенін мойындаған: қызы мен оның ажырасқаннан кейін шыққан екінші күйеуін. Отбасы 1997 жылы із-түссіз жоғалып кеткен. Әуежай маңынан көлігі ғана табылған.

Осыған дейін Иранда Әли Фазели Монфаредтің гей екені анықталған соң ол отбасы мүшелерінің қолынан қаза тапқаны белгілі.



#Иран #қылмыс #кісіөлтіру #полиция #сот 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
17.12.2020
09.12.2020
15.10.2020
14.01.2020
06.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031