USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде полицей қазақстандық трансгендерді өлтірді

  • 15.қазан.2020, 19:17,
  • 416

Ресейде полиция қызметкері қазақстандық трансгендер Виктория Басаковскаяны өлтірді деген күдікке ілінді.

Бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Ресейге көшіп кеткен трансгендер Виктория Басаковская өлі табылған. Қызды өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы жігіті ұсталған. Ол полицияда жұмыс істеген.

Бұрын Виктория (Николай - ескерту) кенже сіңлісі және әжесімен бірге Петропавлда тұрған. Ол мектепті бітірген соң Ресейге көшіп кеткен, Тюмен, Челябинск, Омбы қалаларында білім алған. Оның соңғы тұрғылықты мекенжайы Новосібірде болған.

Сайттың мәліметінше, 2019 жылы Виктория Денис Калинин есімді полиция қызметкерімен танысқан.

"Оған дейін Виктория басқа адаммен кездескен. Ал Денис оны қызғанып, оған күш те көрсетіпті. Виктория Дениске бірнеше рет шағымданған. Ол қызды "ұрып", "тұншықтырған". Сондай-ақ, Викторияның жақын құрбыларының айтуынша, сержант оны аңдып, қызды үйінің кіреберісі жанында күзеткен", - делінген Tайга.инфо таратқан ақпаратта.

2020 жылдың көктемінде олар ресми түрде қарым-қатынасын тоқтатқан. Алайда соған қарамастан екеуі кездесіп жүрген. Осы жылдың қазанында Виктория Бурмистровода өткен кешке барған. Онда Денис болған. Кейін оның құрбысына күдік тудыратын хат келген. Онда Виктория Дениске дейін кездескен бұрынғы жігітіне барғысы келетінін жазған. 

"Мені мазалаудың қажеті жоқ, өтініп сұраймын. Барлық жасаған ісің үшін саған ризамын", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұл хатты Викторияның атынан Денис жазуы ықтимал. Осы уақытта Виктория өліп қалған болуы мүмкін. Порталдың мәліметінше, Денис телефонды пайдалану үшін құрбанының саусағын кесіп алуы ықтимал.

Сонымен қатар, Денис Калинин жоғалған қызды іздеуге де қатысқан. Ол бір аптадан соң күдіктіге айналған. Полиция айғақ беру кезінде оның шатасқанын анықтаған.

Денис 12 қазанда ұсталды. Тергеу комитетінің мәліметінше, ол полицияға 13 қазан күні түнде Викторияның мәйіті қайда жатқанын көрсеткен. Қыз Бурмистрово ауылынан 700 метр жерден табылған.

Тергеу мәліметі бойынша, ол қызды өлтіріп, денесін ауылдан алып кеткен. 20 жастағы полиция қызметкері Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру"бойынша) кінәсін мойындаған.

"Жауап алу кезінде ол қыз оған ар-намысына тиетін сөздер айтқанын, салдарынан жанжал туындағанын айтқан", - делінген Тергеу комитеті таратқан хабарламада.




#трансгендер #ресей #қазақстан #полицей #өлім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930