USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Иран билігі "өз жүйесіне қауіпті" журналисті дарға асып өлтірді

  • 17.желтоқсан.2020, 14:33,
  • 265

Халықаралық қауымдастық оппозициялық журналисті дарға асқан Иран билігін айыптады.Халықаралық қауымдастық оппозициялық журналисті дарға асқан Иран билігін айыптады. AmadNews сайты мен Telegram-канал арнасының хабарлауынша, 47 жастағы диссидент Рухолла Замды өлім жазасына кесу туралы үкім 12 желтоқсанда орындалған болатын. 

Революциялық сот журналисті "зұлымдық пен зорлықты таратты" деп айыптаған. Иранда бұл айыпты әдетте тыңшылық жасау не билікті төңкеру істері бойынша тағады.

Зам Иранда қамалғанға дейін Парижде тұрып, сол жақтан жұмыс істеген. Бірақ кейін Иран билігі оны айла арқылы елге келтіріп, 2019 жылы қазанда белгісіз жағдайда қамауға алған. Франция билігі Тегеранның бұл әрекетін қатаң айыптады. Одан кейінгі айларда Иран телеарналары Замның заңды бұзғанын мойындап, әрекеті үшін кешірім сұрайтын видеосы жариялады.

Рухолла Замның өлім жазасына кесілгені маусым айында белгілі болды. "Шекарасыз тілшілер" (RSF – Reporters without border) ұйымы үкімді әділетсіз деп атады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ Рухолла Замға шығарылған "әділетсіз үкімді" айыптап, дарға асуды "тағылық" деп атады. Осыған дейін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет ирандық журналистің дарға асылуына наразылық білдіріп, Тегеранды өлім жазасынан бас тартуға шақырған.




#иран #журналист #өлім #дарғаасу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2020
16.07.2020
14.01.2020
10.01.2020
23.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930