USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Соғысты Америка бастады - Иран

  • 06.қантар.2020, 09:30,
  • 570

Иран жоғары басшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN-ге берген сұхбатында Тегеран ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын және бұл шара америкалық әскери нысандарға қарсы бағытталатынын айтты.



"Жауабымыз олардың әскери нысандарына бағытталады. Сіздерге бір нәрсе айтайын: еліміздің билігі соғысқа ұмтылмағанын және ұмтылмайтынын ресми түрде мәлімдеген. Соғысты Америка бастап отыр. Сондықтан олар сол әрекетіне біздің жауабымызды қабылдауы керек.


Соғыстың бұл кезеңін аяқтаудың жалғыз амалы: Бізге жасаған соққысы секілді Америкаға да сондай соққы жасау. Кейін олар жаңа қақтығысты бастамауы керек", - деп келтірді оның сөзін ИноТВ. 


Сондай-ақ Дехган Америкаға шабуыл жасалса, Иранның 52 нысанына ауыр соққы жасауға уәде берген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне жауап берді. 


Хусейн Дехганның айтуынша, мұндай жағдай болса, Тегеран мұны әскери қылмыс деп санайды, сондықтан Иран өзіне шектеу қоймай, АҚШ-пен тікелей майданды бастайды. "Бұл бір қатал әңгіме болды", - деп қорытындылады телеарна тілшісі. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : REUTERS
Тағы да оқыңыздар:
06.01.2020
05.01.2020
19.12.2019
26.11.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930