USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазандағы мектепті ойрандаған күдікті туралы тың мәлімет жарияланды

  • 14.мамыр.2021, 19:01,
  • 252

Қазан қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды. 

Мектеп оқушыларын атқылаған бозбала колледжде бағдарламашы (програмист) мамандығында оқыған және әкімшіліктің мәлімдемесіне сүйенсек, жыл басында ол оқу үлгерімі нашар болғандықтан оқудан шығып кеткен.

Қандықол бозбала оқыған топтың старостасы kp.ru-ға кейбір мәліметтермен бөлісті.


Онымен бір сөйлескенімде: "Менімен жүр, менің өз мазхабым бар, мен сектаға тартушымын", - деді. Мұндай нәрсені осылай ашықтан ашық айтып тұрғандықтан, біз онысы әзіл екен деп ойладық, - деді Роберт Сибгатуллин.


Оның сөзіне қарағанда, Галявиев өте жақсы оқыған.


Ол компьютерлерді жақсы біледі, тіпті қолынан келмей жатқан балаларға ол көмектесіп, көрсетіп жіберетін. Ол шынымен де тыныш, сабырлы бала болатын. Интернетте, расында қопаңдап, өзінше болып отыратын, бірақ өмірде ол тыныш болатын. Кейде біздің чаттарда да мінез көрсетіп қоятын. Әзілдеген секілді дөрекі қылық танытатын, бірақ қазір мұнысы әзіл болмаған түсініп жатқан сияқтымыз, - деп атап өтті Сибгатуллин.


Сондай-ақ, ол Галявиевтің алкогольге, темекіге, есірткіге тіпті сөзсіз жоқ болғанын айтады.

Ол өз отбасы туралы ешқашан сөз қозғамапты.


Шамамен 3 жыл бұрын әкесімен қатты ұрсысып қалғанын айтты. Енді мен үшін әкем жоқ дегенге келтірді, - деп еске алады Роберт.


Бұған дейін Қазан қаласының тұрғыны Наталья Андреева 2020 жылы өз-өзіне қол жұмсаған баласы өмірінің соңғы жылында Галяевиев айтқан сөздерді айтып жүргенін жеткізген еді. Ол да өзін құдіретті Құдай екендігі және айналасындағыларды басқара алатындығы туралы сөз еткен. Сонымен бірге Данила Андреев те тура сол "Тисби" колледжінде сол мамандық бойынша оқыпты, бірақ одан бір жасқа үлкен болған.


#Қазан #оқушы #терракт #күдікті 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.05.2021
15.12.2020
29.10.2020
19.09.2020
27.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930