USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Конор МакГрегор UFC оралады

  • 19.қыркүйек.2020, 12:09,
  • 419

UFC Конор МакГрегордың оралуына дайындалып жатыр.

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесінде лиганың экс-чемпионы Конор МакГрегордың қатысуымен іс-шара өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Маусымда ирландиялық спортшы UFC-ден қызық ұсыныстар алмағандықтан, жекпе-жектен кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бейсенбіде Дана Уайт МакГрегормен хабарласқан және омен алаңға оралу туралы сөйлескен.

"Біз келесі жылдың басында Конор үшін қызық нәрселермен жұмыс істейміз. Ол алдағы жылы оралуы керек. Ол жекпе-жекке оралады деп кепілдік бермеймін, бірақ қазір біз онымен ақылдасып жатырмыз", - деді Уайт.

Біраз уақыттан кейін UFC басшысы пікір білдірді.

"Бірнеше күн бұрын менің ойыма бір ой келді, мен оған (МакГрегорға) бұл туралы ойын білу үшін хабарластым. Ол қызығушылық танытты. Сонымен, біз бір нәрсе дайындап жатырмыз. Бірақ бұл әлі толық шешілген жоқ. Бәрі дайын болғанда сізге бәрін айтамын. Қазір бұл жай ғана идея. Бұл 2020 жылдың соңында немесе 2021 жылдың басында болады".

Айта кетейік, мұның алдында МакГрегор Францияда адамға қысым көрсеткені үшін ұсталғаны белгілі болған, алайда кейін жауап алынған соң босатылғаны хабарланды.


#UFC #конормакгрегор #чемпион #данауайт


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031