USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазанда атыс шығарған жігіт кінәсін мойындады

  • 13.мамыр.2021, 09:24,
  • 317

Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиев кінәсін мойындап, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен келісті, - деп хабарлайды РИА Новости

Сонымен қатар, Галявиевтің кінәсін оның қоғамдық Telegram-арнасы да көрсетеді. Гимназияда атыс шығарған ол өзінің жоспары туралы оқиға болардан 20 минут бұрын хабарлаған екен. 

"Өзі мойындауынан басқа, айыпталған қылмыстарды жасауға қатысы куәгерлердің айғақтарымен расталады", - деді тергеу өкілі.

Сот екі айға мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. РИА Новости мәліметінше, қылмыскер мұндай шешімге қарсы емес екенін айтқан.

Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болған еді. Оны өзін "құдай" деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды. 




#Қазан #атқыш #Татарстан #оқушы #мектеп #терракт #лаңкес 

скачать dle 12.0
Фото авторы : © РИА Новости / Максим Богодвид
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031