USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тәжікстан шекарасындағы шабуыл жайлы тың деректер табылды

  • 27.қараша.2019, 12:30,
  • 393

Тәжікстанның ҰҚКД өкілі отбасы мәселелеріне арналған конференцияда тәжік-өзбек шекарасындағы "Ишкобод" шекара бекетіне шабуыл туралы мән-жайды айтты.

Мухаммад Саидов ҰҚКД қызметкері, 6 қарашада шабуылға 9 ер адам, 11 әйел және 13 кәмелетке толмаған (төрт жастан он бес жасқа дейін) балалар болғанын айтты. Алайда олардың шабуыл кезінде қандай рөл атқарғанын айтпады. 


Шабуылдағандардың бірі 15 жаста, ол сегізінші сыныпта оқыған. Жасөспірім мектеп директорынан басқа аймақта тұратын туыстарымен кездесу сылтауымен сабақтан сұранған. Оның шетелде ешқашан болмағаны анықталды. ҰҚКД өкілі конференция барысында қылмыстық топтың Соғды облысында құрылғанын және шабуыл алдында соңғы ай қаскөйлер астаналық ауданының Исмоили Сомони аумағында тұрғанын айтты.


"Бейтаныс адамдарды төраға махалли де, учаскелік милиционер де көрген, бірақ ешкім де бұған мән бермеген", - деді Мухаммад Саидов.


Оның айтуынша, бұл оқиға - қауіпсіздік органдарының салғырттығы мен махалли мен тұрғындар тарапынан қырағылықтың болмауы себебінен екен. Көптеген адамдар радикал топтарға мүше адамдарды кедейлікпен байланыстырады, бірақ болған оқиғада шабуылға қатысушылардың барлығы тұрмысы жақсы отбасыларынан шыққан. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
09.08.2019
08.08.2019
08.08.2019
02.08.2019
23.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930