USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазан мектебінде атыс болды

  • 11.мамыр.2021, 10:56,
  • 254

РЕН ТВ телеарнасы 19 жастағы Ильназ Галявиевтің Қазандағы мектепке шабуыл жасаған сәтінен аудиожазба жариялады. 

Аудиожазбаны сыныптардың бірінде жасырынған оқушы жазып алған.

"Сыныптың есігін жауып, үстелдің астында тығылып отырмыз", - дейді қыз, арғы жағында атыс пен жарылыс дыбысы естіліп тұр.

Сондай-ақ, Желіде атыс шыққан кезде сыныптың ішінде түсірілген видео пайда болды.

Кадрлардан оқушылардың парта астына қалай жасырынып жүргенін көруге болады. Видеоны гимназия оқушыларының бірі түсірген. Ашық тұрған терезелерден сирена дыбысы естіледі. Балалар үстел астында тығылып отыр.


Сонымен қатар, сыртта орналасқан бейнекамералар Галявиевтің мектепке қалай кіргенін түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның ғимаратқа қаруын жасырмай кіргені көрінеді. Қосалқы оқ-дәрі салынған сөмкесі болған.

Видеодан қарулы Галявиевті ешкім тоқтатуға тырыспағанын көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, мектепте күзет болмаған болуы да мүмкін. Мекеменің қауіпсіздік жүйесі туралы нақты деректерді тергеушілер әлі анықтап жатыр.


Айта кетейік, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын. 

Бұған дейін URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялаған еді. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқан-лоқы сипатындағы жазба жариялады. 



#Қазан #атыс #мектеп #оқушылар #Татарстан #қайғы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031