USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

9 адам қаза тапты - Татарстан президенті мектептегі атыс туралы

  • 11.мамыр.2021, 19:52,
  • 293

Татарстан астанасындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті. 

Татарстан президенті Рустам Минниханов тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді.

"Біз жеті баладан айырылдық, сегізінші сынып оқушылары: төрт ұл мен үш қыз. Сонымен қатар, бір мұғалім мен әйел қызметкерден айырылдық", - деді мемлекет басшысы. 

Миннихановтың айтуынша, 18 оқушы балалар клиникалық ауруханасында жатыр.

"Өкінішке қарай, оқтан жараланғандар да, сүйегі сынғандар да бар. Дәрігерлер балаларымыздың өмірін сақтау үшін барлығын жасап жатыр. Екі ересек жетінші ауруханада, ал біреуі республикалық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға да оқ тиген" - деді республика басшысы.

Бұған дейін ресми түрде жеті адам қайтыс болғаны хабарланған еді. 



#Татарстан #Қазан #Минниханов #атыс #оқушы #өлім #қаза 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2020
19.07.2020
20.12.2019
10.12.2019
05.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930