Америкалық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, шабуыл жасаған екі адам болған. Олардың бірі атыс салдарынан қайтыс болды. Бастапқыда жеті адам қаза тапқаны белгілі болған, кейін олардың саны онға жетті.
"Оқ атқан адам қаза тапты. Тағы тоғыз адам қайтыс болды. Тағы кем дегенде 16 адам жарақаттарымен ауруханаларға барды", - деп хабарлады Дейтон полициясы Twitter желісінде.
Атыс Ned Peppers барының маңында болған. Сондай-ақ, қылмыскерді ол мекемеге кіргізбей қойғаннан кейін атыс шығарғаны белгілі. Ол мылтықттан бірнеше рет оқ атқан.