USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәскеудегі атыс теракт деп танылды

  • 20.желтоқсан.2019, 10:30,
  • 501

Мәскеудегі атыс Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің қабылдау бөлмесінде болған. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді.

"Атыс ФҚҚ қабылдау бөлмесінде Кузнецкий Мост көшесі, 23-үйде сағат 18:10-да болды. Үш бейтаныс адам ФҚК ғимаратына баса-көктеп кіріп, оқ ата бастаған. Атыс кезінде қабылдау бөлмесінің күзетшісі мен екі шабуылдаушы қаза тапты. Тағы бір шабуылдаушы көшеге шығып, оқ жаудыра бастады. Нәтижесінде ЖҚҚМИ өкілі қаза тапты", - деп мәлімдеді ведомство. 


Шабуылшы Кузнецкий Мост көшесіне дейін 300 метрдей жүгіріп, Воровский көшесіне бұрылған. Артынша ол Большая Лубянка көшесіндегі үйлердің біріне барып, жасырынған. 


"Ол жерден ФҚҚ Арнайы мақсаттағы орталығының және Шұғыл әрекет ету тобының қызметкерлеріне оқ атқан. Атыс кезінде шабуылдаушы сағат 19:15-те қаза тапты. Қаза болғандар туралы ақпарат анықталып жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 


Мәскеудегі атыс теракт деп танылған. Атысты ұйымдастырғандардың экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : REUTERS
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031