USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өскеменге Татарстан дәрігерлері келді

  • 19.июля.2020, 18:30,
  • 303

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасынан келген дәрігерлермен кездесті. Аталған дәрігерлер тобы Өскеменге тәжірибе алмасып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде көмектесуге келген, деп жазды altaynews.kz.

12 адамнан тұратын топтың ішіне пульмонолог, анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог сынды мамандар және инфекциялық аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері кірген. Осыған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасының Президенті Рустамом Миннихановпен аталған мәселе бойынша келіссөз жүргізген.

Шығыс Қазақстанда медицинаның дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сатып алынған заманауи техникалар іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі індеттің алдын алу мақсатында сіздермен тәжірибе алмасып, жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді Даниал Ахметов.

Келген мамандар 2 күн аралығында аудан және қала ауруханаларының дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес беріп, жағдаймен танысады. Кейіннен осы ай соңына дейін әр ауданға бөілініп, дәрігерлерге көмектесетін болады.

Аймақтарыңызда коронавируспен күресу үшін өкпені жасанды желдету, оттегі концентраторлары сынды жабдықтар көптеп сатып алыныпты. Бұл дұрыс шешім. Жалпы екі елдің қолданып отырған әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда соның өзінде бірлесіп жаңа тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын, – деді келген топтың жетекшісі, Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин.
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2020
06.07.2020
04.06.2020
10.04.2020
02.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930