USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үндістанда Twitter арқылы оттегі баллонын іздеген ер адам қамауға алынды

  • 29.сәуір.2021, 11:14,
  • 252

Үндістанда Twitter әлеуметтік желісін оттегі баллонын іздеу үшін пайдаланған ер адамға айып тағылды. 

Шашанк Ядав есімді ер адам Twitter әлеуметтік желісіне оттегі баллоны қажеттігі туралы шағын хабарлама жариялап, жазбаға Болливуд актері Сону Судты белгілеген.

Жазба жарияланғаннан кейін Уттар-Прадеш полициясы ер адамды жергілікті тұрғындар арасында қорқыныш немесе үрей тудыру ниетімен оттегі жетіспеушілігі туралы қауесет таратты деп айыптаған. Ядав қал үстінде жатқан атасына оттегі баллонын іздегенін түсіндірсе де, құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғаған.

"Шашанк Ядав жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", - деді полицияның аға офицері Арпит Капур.

Шенеуніктер Ядавтың атасы инфаркттан қайтыс болған және СOVID-19 жұқтырмаған деп мәлімдеді. Бірақ өлімнің мән-жайы анықталмаған.



#Үндістан #коронавирус #пандемия #оттегібаллон 


скачать dle 12.0
Фото авторы : © Reuters
Тағы да оқыңыздар:
28.04.2021
26.04.2021
22.04.2021
11.10.2020
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031