USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үндістанда әуе апатынан 20 адам қаза тапты

  • 08.августа.2020, 11:00,
  • 366

Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, Кожикоде қаласында апатты жағдайда қонды. 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы. 

140-тан астам адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың арасында екі ұшқыш та бар екені хабарланды.

Жұмада, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 174 ересек жолаушы, он бала, екі ұшқыш және төрт экипаж мүшесі болған. Ұшақтағылар коронавирус пандемиясына байланысты шетелде қалып қойған үндістер.

Апат болған жерде түсірілген кадрларға қарасақ, ұшқыштардың кабинасы мен ұшақтың алдыңғы жағы толығымен жойылғанын, ұшу-қону жолағында және оның айналасында әуе кемесінің қалдықтары шашырап жатқанын байқауға болады.



#ұшақ #апат #үндістан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.07.2020
06.02.2020
08.01.2020
08.01.2020
24.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930