Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, елде "коронавирус өршіген". Коронавирус инфекциясын жұқтырған деректердің күрт өсуіне байланысты ол барлық адамды сақ болуға және вакцинациядан өтуге шақырды.
Reuters агенттігі мәліметі бойынша, Нью-Делиде әр төрт минут сайын бір адам COVID-19-дан қайтыс болады. Жалпы елде күн сайын коронавирус инфекциясынан 2 мыңға жуық өлім тіркеліп жатыр. Қазіргі уақытта Үндістан инфекция жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. 22 сәуірде соңғы тәулікте елде коронавирус инфекциясының 314 835 жағдайы тіркелгені хабарланған еді.
#Үндістан #коронавирус #пандемия #өлім #эпидемия