USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Спутник V" үндістандық штамға қарсы тұра алады - ғалым

  • 28.сәуір.2021, 13:28,
  • 341

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости порталы.

Оның айтуынша, "Спутник V"-ның екі дозасынан кейін "антиген өзгерсе де, протективті иммуноглобулиндердің титрі жоғары" болады.

"E484Q және L452R мутациялы вирустың бұл түрі Үндістанда 2020 жылдың 1 желтоқсанында анықталған сынамалардан табылды. Бұл мутацияларды зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр", - деді ұйым өкілдері.   

Еске салайық, Үндістанда кейінгі күндері науқастар мен қайтыс болғандар саны рекорд орнатып жатыр. Үндістан тұрғындарына тіпті үйде бетперде тағуға кеңес берілді, ал бірқатар ел ол жермен әуе қатынасын тоқтатты.



#Үндістан #коронавирус #пандемия #СпутникV #вакцина #екпе 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.04.2021
21.04.2021
24.03.2021
22.01.2021
11.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031