ТАСС агенттігі атап өткендей, қаскөйлер бірыңғай киімде болған.
"Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, жол талғамайтын көліктер мен мотоциклдерге мінген қарақшылар интернат ғимаратына түнгі сағат 1-де келген. Мемлекеттік күзет қызметінің формасындағылар мектеп оқушыларын далаға шығуға мәжбүрлеп, артынан көліктеріне отырғызып, алып кеткен", делінген хабарламада.
Ұрлау фактісін жергілікті билік те растады. "Балаларды ұрлап кетті", - деді Замфара губернаторының өкілі.
Сонымен бірге ол ұрланған оқушылардың нақты санын және оларды қайда апаруы мүмкін екенін ашып айтпады.