"Брайанттың жеке тікұшағының құлауы мен тау бөктеріне соғысқанға дейінгі аралықта бір минуттай уақыт кеткен. Соңғы сәтте әуе кемесі қалың бұлттан шықпақ болып, солға қарай бұрылған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Кеңес мүшелері апаттың нақты себебін айтпады, алайда Хоммендидің айтуынша, тікұшақтың ұшуы кезінде қандайда бір ақау болмаған.
Сонымен қатар, NTSB өкілі Брайанттың тікұшағында қара жішік болмаған және жердегі нысандармен соғысу туралы ескертетін жүйе орнатылмаған. Тергеу шаралары жарты жылға созылуы мүмкін.