Шевченконың айтуынша, белсенділер мүйісте құрылыс басталғаны туралы хабардан кейін нысанды 2004-2005 жылдары бақылай бастаған.
"2011 жылы әріптесім Сурен Газарян, "Собеседник" газетінің тілшісі Римма Ахмирова және белсенді Екатерина Соловьевамен ол жақта не болып жатқанын көргіміз келді. Ол кезде нысанның айналасында айтарлықтай күзет болмағанын айта кету керек. Құрылыс қарқынды жүріп жатты. Сарай территориясына Прасковеевка ауылы тарапынан кірдік.
Жол бойындағы бақылау-өткізу пунктінен кірдік. Жасырынбадық. Қақпа да ашық тұрды. Тікелей бас ғимаратқа келдік. Бұл Алексей Навальныйдың фильмінде көрсетілген жерге жақын: үлкен портал, қақпа, қосбасты қыран. Басында бізге ешкім назар аудармады. Жұмысшылар өз жұмысымен айналысты. Артық сұрақ қойылмады.
Бірақ кейін Күзет федералды қызметінің (КФҚ) қызметкерлері көріп қалғанда дүрбелең басталды. Түсірілімді тоқтатуды талап етті. Қуанышқа орай мен кадрлар сақталған флеш-картаны аяқ киіміме жасырып үлгердім. Соның арқасында сол сапардан бірдеңелер қалды, әйтеуір. Бұл құрылысшылар түсірмеген суреттер, одан басқа жоқ.
Содан кейін олар не істерін білмеді. Федералды күзет қызметінің екі қызметкері полицияны және шекара қызметкерлерін шақырды. Жеке күзет қызметінің бірнеше қызметкері келіп, полицияның көзінше біздің жеке заттарымызды тартып алды. Көлігімізді тінтіп, заттарымызды сарайға алып кетті", - деді Шевченко басылымға.
"Лохотрон" - Песков Навальный түсірген "Путиннің сарайы" фильмі туралы
Оның айтуынша, "Путиннің сарайынан" кейін полиция оларды Дивноморской ауылындағы бөлімге алып кеткен. Ол жерде түсініктеме жазған.
"Тіпті Путиннің саяжайында арнайы операцияны басқарған адам телефоным ұрланды немесе жоғалды деп шағым жазды. Біз де бізді тонап кетті деген шағым жаздық. Ертесі Дивноморской ауылынан учаскелік полицей құжаттарды тауып алдық дегендей етіп хабарласты. Ешқандай цифрлық техникамызды қайтармады. Қысқасы істі жауып тастады", - деді Шербаков.
Оның айтуынша, 2011 жылдан кейін "Путиннің сарайына" кіріп көрмеген.
"Мен шекарашылардың жағалауда өздігінен демалып жатқан адамдарды қуып жатқанын көрдім. Палаткаларын жинауға мәжбүрлейді, бәрінің құжатын тексеріп, бір базаға алып барады. Содан кейін мен БАҚ-тан сарайдың маңында Путиннің "Олимпия" деген яхтасы жүргенін естідім. Яғни сол кезде Владимир Путиннің өзі демалған ғой", - деді Шевченко.
Айта кетейік, оппозиционер Алексей Навальныйдың "Дворец для Путина" фильмін жариялаған болатын. YouTube-те жарияланған "Путинге арналған сарай. Ең үлкен параның тарихы" бірнеше сағат ішінде 11 миллионнан астам қаралды. Видео сипаттамасында Навальный оны Ресейге оралғанға дейін түсіргені айтылған.
Фильмге 400 мыңнан аса пікір жазылып, Путиннің жақтастары да, Навальныйдың жақтастары да пікір білдірген. Біреулер тіпті әзілдепті. "Путиннің әжетханасындағы орындық пәтеріңнен қымбат болғанда", "Окей, Гугл: Путиннің туысқаны болудың жолы бар ма?" депті қолданушылар.
Кремль Навальный түсірген "Путиннің сарайы" туралы фильміне қатысты пікір білдірді.
#путин #сарайы #президент #ресей #навальный