"2020 жылғы 27 мамырда сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де) Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы қытайлық тараптың талаптарына сәйкес жабылды", - деп жазылған ҚХР СІМ ресми сайтындағы мәлімдемеде.
Содан соң Қытай құзыретті органдарының өкілдері бас консулдықтың территориясына бас қақпа арқылы кіріп, оны өз қарауына алғаны хабарланған.
Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы 1985 жылы ашылған және елдің оңтүстік-батысына, оның ішінде Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу провинциялары, Тибет автономиялық ауданы, сондай-ақ, орталықтандырылған жүйеге қарайтын Чунцин қаласына жауап беретін.
#ақш #қытай #консул