USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Лукашенконы биліктен кетірудің жалғыз жолы айтылды

  • 25.қараша.2020, 12:05,
  • 343

Бұл туралы Белорусь президенті Лукашенконың өзі айтты. 

Беларусь президенті Александр Лукашенко соңғы кездері батыс елдері республика үкіметіне ықпал етіп, "қазіргі жүйені құлату мақсатында" әртүрлі амал жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы президент сейсенбіде Минскіде шет мемлекеттердің елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде айтты, - деп хабарлайды БЕЛТА.

"Соңғы уақытта батыс мемлекеттері Беларусьтің дамуына қатты алаңдап, уайымдап жүр және қазіргі жүйені құлату үшін Беларусь билігі мен президентіне ықпал етудің әртүрлі амалын жасап жатыр. Олар бұл процеске Ресейді қосуға да дайын, бірақ оны қалай істейтінін білмейді", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, оны биліктен кетірудің бір ғана жолы бар.

"Осыған байланысты Беларусь президентін биліктен кетіруге болатынын айтқым келеді. Бұл шын. Мен сол жолды ұсынамын, ол жалғыз, басқа жоқ: тек белорус халқы мұны бүгінгі заңдар мен Беларусь Конституциясы негізінде жасай алады. Беларусьте қызмет етіп жатқан батыс дипломаттарын, қазіргі кезде батыста осы мәселеге алаңдап, уайымдап жүргендерді, сондай-ақ біздің қашқындарды толғандыратын барлық сұраққа өте қарапайым жауап осындай", - деді Беларусь президенті.




#лукашенко #буларусь #президент #билік #саясат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.11.2020
22.08.2020
19.08.2020
14.08.2020
04.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930