USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Александр Лукашенко: Ресей бізден айырылып қалудан қорқады

  • 04.августа.2020, 15:30,
  • 485

Беларусьбасшысы Александр Лукашенко билікке кім келсе де Ресеймен одақтас ел болып қала беретінін жеткізді.

"Ресей екі елдің билігіне кім келсе де бізбен жақын одақтас ел болып қала бермек. Бұл біздің халықтарымыздың түп тамырында терең жатқан фактор. Біздің бауырластық қарым-қатынасымыз серіктестікке ауысқанына қарамастан солай болады. 

"Ресей бізден айырылып қалудан қорқады, себебі бізден басқа жақын одақтасы қалмады. Батыс та бізге қызығушылық таныта бастады. Қытай да өзінің досының тұрақтылығына сенеді", - дейді Лукашенко. 

Одан бөлек, Лукашенко әлем тұрақсыз болып бара жатқанын айтады. 

"Бізге белгілісі әлем тұрақсызданып барады. Қаншалықты тұрақсыз болғанын ешкім болжай алмайды. Соңғы он жылдағы мемлекеттер арасындағы қарсыластықтар қақтығыстарға ұласып барады. Соңғы уақыттары маңызды халықаралық мәселелердің біреуі де шешілген жоқ", - дейді Беларусь президенті.  

Еске салайық, Беларусьтегі президент сайлуы 9 тамызда өтеді. Жалпы алты үміткер бар. Лукашенко осымен алтыншы рет сайлауға түсіп жатыр. 



#ресей #беларусь #президент #лукашенко

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2020
15.07.2020
04.06.2020
16.07.2019
09.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930