Вашингтон Ресей Федерациясымен ядролық қару туралы келісім жасасуға мүдделі. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида билігі өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.
Біз қазір Ресеймен ядролық қаруды таратпау жөніндегі ядролық келісім бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Егер оны жүзеге асырсақ, бұл керемет болар еді, - деді Америка көшбасшы.
Алайда, Трамп екіжақты келіссөздер туралы ешқандай мәлімет берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 28 шілдеде Венада АҚШ пен Ресей арасында ядролық қаруды бақылау бойынша үшкүндік келіссөздер басталды. Кеңейтілген стратегиялық ядролық жабдық санын және оларды тасығыштардың санын шектейтін стратегиялық шабуыл қару-жарақтары туралы шарттың (СНВ-3) мерзімі 2021 жылғы ақпанда аяқталады.
#ақш #трамп #ресей #ядролыққару