АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер 29 шілдеде қайта дислокация жасау НАТО-ны нығайтып, АҚШ-тың стратегиялық және жедел қимылдау қабілетін жетілдіре түседі деді. Германияда шоғырланған 34 500 америка сарбазының 6 400-і үйлеріне қайтады, 5 600 сарбаз НАТО-ға мүше елдерде шоғырланбақ.
Президент Дональд Трамп маусым айында АҚШ-тың Таяу Шығыс, Африка, Еуропадағы әскери қимылдарының орталығы саналған Германиядағы әскерін қайта жылдам дислокация жасауды жоспарлап отырғанын айтқан.
Бұған дейін Трамп Еуропаның ауқатты мемлекеттерін НАТО-ға қажетті дәрежеде қаржы бөлмейді деп сынаған.
Трамп хабарламасы Германия үкіметі үшін күтпеген жаңалық болды. Германия АҚШ-тың НАТО бойынша негізгі одақтасымен бұл мәселе бойынша ақылдаспағанын алға тартты.
#ақш #германия #әскер