USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәскеудегі Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталды

  • 29.июля.2020, 01:44,
  • 507

Дағыстанның экс-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен ұсталды.

"Кеше таңертең полицейлер марқұмның жігіті - Муртузали Меджидовті ұстады. Ол - Дағыстан республикасының экс-премьерінің ұлы", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін тергеу комитеті аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы 105-бап ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Меджидов 91-бап бойынша ұсталған.

Еске салайық, бұған дейін 2018 жылы 3 мамырда МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу ауруханасында қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Сәуірде тергеушілер студент қыздың МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткеннен кейін іс қозғаған. Тергеу мәліметінше, қыз бала 1997 жылғы. Құлағаннан кейін оны дереу ауруханаға жеткізген. 

Бұл оқиға 13 сәуірде болған. 21 жастағы Томирис Байсафа МГИМО төртінші курс студенті. Ол үзіліс кезінде төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Оның көптеген жері сынған еді. 



#томирисбайсафа #дағыстан #экспремьер #өлім

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.07.2020
13.07.2020
04.07.2020
21.11.2019
30.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031