Ресейлік БАҚ-тар Екатеринбургте екі полицейдің - Вячеслав Тропин мен Вадим Мустафинның қазақстандық 22 жастағы қызды қызметтік көлікте зорлады деген күдікпен ұсталғаны жайлы жазған еді. Бұл оқиғаның 18 тамызда түнгі уақытта болғаны айтылған. Полицейлер қызды саунадан шығып келе жатқан жерінде ұстап алып, көліктеріне отырғызып, зорлық-зомбылық көрсеткен делінеді.
"Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ өкілдерінен осы хабарламаларға қатысты жазбаша түрде мәлімет беруді сұрады. Зардап шеккен қазақстандық қыздың өзі консулдықтың көмегіне жүгінген жоқ. Осыған байланысты мәліметті растауды немесе жоққа шығаруын сұрадық", - деді Смадияров.