Жексенбі, 13 қыркүйекте, Минскіде түстен кейін наразылық білдіруге шыққан адамдарды жаппай ұстау басталды. Оларды қала орталығына жібермеді, алайда кей топ қарулы күшке қарамастан өтіп жатыр. Митингіні жергілікті БАҚ және Telegram-каналдар тікелей эфирде көрсетті. Дзержинский даңғылында құқыққорғаушылар жүздеген адамнан құралған бірнеше колоннаны таратуға тырысты. Митингіге қатысқан 20 адам ұсталды, арасында ерлер де, әйелдер де бар, деп жазады TUT.BY.
Сондай-ақ Тәуелсіздік, Жеңімпаздар даңғылында және астананың басқа аудандарында да жаппай ұстау басталды. Беларусь ІІМ мәліметінше, қалада 250-ге жуық адам ұсталған.
Минскіде сегіз орталық метро станциясы жабық, қала орталығында интернет өшірілді.
Таңертең Минскіде әскери техника, оның ішінде автозак пен тікен сымы бар көлік өтті.
Құрылымдық күш қызметкерлері Тәуелсіздік және Қазан алаңын, "Минск - батыр қала" стеласының алдын қоршады.
#минск #беларусь #тәртіпсіздік #лукашенко #ұстау