USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

  • 04.июня.2020, 09:30,
  • 473

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде хабарланды. 

Ақпаратты президенттің баспасөз қызметі растады. Тиісті қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетін болады.

"Қазір әлем бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа тап болды. Бұл кез келген елде қоғамдық өзгерістерге әкеп соқты. Дағдарыстың салдары өте ауыр болады. Сондықтан қазіргі жағдайды ескере отырып, үкіметтің барлық мүшесін ауыстыру дұрыс болмайды. Сондай-ақ қажеттілік те жоқ. Тек өзін жақсы көрсеткен және үкіметте жақсы жұмыс істеген басқарушылардың жаңа буыны өсті", - деді Лукашенко.

Сонымен қатар жақын арада жаңадан премьер-министр міндетін атқарушы белгілі болады. Президент "сайлаудан кейін де жақсы қызмет еткен жағдайда" оны бұл қызметке тағайындайтын айтты.

скачать dle 12.0
Фото авторы : rbc.ru
Тағы да оқыңыздар:
11.02.2020
17.01.2020
13.01.2020
11.09.2019
16.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031