BFMTV телеарнасының хабарлауына қарағанда, өрт жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 07.30-да (11.30 Нұр-Сұлтан уақыты) басталған. Әзірге өрт себебі айтылмады. Тек болжам бар.
Өрт-құтқару қызметі департаментінің директоры Лоран Ферлэнің айтуынша, өртті жүзден астам маман 45 өрт сөндіру көлігінің көмегімен сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де өрт ауыздықталған.
Нант прокуроры Пьер Сен өрт қасақана жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Себебі соборда өрт үш жерден шыққаны анықталған.
Әулие Петр және Павел соборы - Франциядағы ең ірі гот шіркеулердің бірі. Биіктігі - Париж құдай аналарының соборынан алты метр қысқа. Оның құрылысы XV ғасырда басталып, 457 жыл бойы жалғасқан.
Нотр-Дам де Пари: Тағдырына бес рет қатер төнген собор
Еске салайық, былтыр 15 сәуірде Париждегі құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.