«Париж ұсынған спорттың төрт түрі де 2020 жылғы Олимпиада ойындарына сай келеді. Олар бағдарламаның гендерлік талап бойынша теңестіріліп, заманауи сипат алуына септігін тигізеді. Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасы жас буынмен бір қадам жақын болуға мүмкіндік береді. Ұсынылған спорт түрлері талапқа сай келеді және 2024 жылғы Париждегі ойындардың жалпы динамикалық концепциясын жақсартады», - деді ХОК президенті Томас Бах.
Бұған дейін брэйк-данс пен спорттық құзға өрмелеу Буэнос-Айрес-2018 жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында өткізілген. Ал скейтбординг пен серфинг 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасында кіреді.