USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЕАЭО көліктеріне арнайы сары мемнөмір беріледі

  • 27.қантар.2020, 14:00,
  • 501

Қазақстанда уақытша тіркелген, ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті.

"Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж. Сондай-ақ, жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлеу мүмкіндігі пайда болды", - деп хабарлады Қожаев ОКҚ брифингінде.


"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді ол. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
29.10.2019
13.08.2019
22.06.2019
19.06.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031