Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған.
"Атамбаев штабына барлық ақпаратты бұрынғы министр Исраилов (ІІМ бұрынғы басшысы) және Сегізбаевтың (ҰҚК бұрынғы басшысы) қызметкерлері баяндап отырған. Олар бұл үшін ақша алған. Арнайы жасақ келе жатқаны туралы мәлімет Атамбаевқа жарты сағат бұрын жетіп отырған. Онда бірден әйелдер, балалар мен қарттар жиналды. Оған қан-төгіс, мемлекеттік төңкеріс қажет болды", - деді комитет басшысы Орозбек Опумбаев.
Экс-президент үйіне бункер мен ДЗОТ-тар қойылды. "Оқиға болған жерде Драгуновтың мергендік винтовкасы табылды, ол арнайы қызметтердің қолында тұрды. Екі мырыш жәшігі, тапанша және басқа да амуниция табылды", - деп толықтырды Опумбаев.