USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Иран: алғаш рет кекті қызыл ту көтерілді

  • 06.қантар.2020, 08:00,
  • 793

Иран ислам республикасының көрнекті өкілі, генерал Қасым Сүлейманидің қазасына орай үш тәуліктік аза тұту күнін жариялады. Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту – Кек туы көтерілді.


АҚШ-тың саяси соққысына наразылығын танытып қана қоймай, аза тұтумен қатар, қайткенде Америкаға қарымта шабуылмен жауап береміз деп ант етті. 


4 қаңтар күні Иран үкіметі Сулейманидің өлімін "Американың тікелей Иранға жасаған әскери шабуылы" деп қабылдап, өз тарапынан қорғануға және қарсы соққы беруге құқылы екенін айтып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне ресми хат та жолдап үлгерді. Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей тапсырмасымен жасалған бұл операцияны "Иранға жасалған терроризм" деп айыптады. 


Керман провинциясындағы әскери базаны басқаратын генерал Голамали Абухамзе Американың маңызды нысандары мен Парсы шығанағындағы кемелерін де атқылауға дайын екенін жеткізген. Абухамзенің айтуынша, Иранның қарулы күштері дәл қазір АҚШ-тың маңызды 35 нысаны мен Тель-Авивті нысанаға алып отыр.




скачать dle 12.0
Фото авторы : vlasti.net
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930