Зеленскийдің айтуынша, Украина, Ресей, Германия мен Франция арасындағы "нормандтық форматтағы" келешек келіссөз Донбас дауының дипломатиялық шешіміне үлесін қосады.
12 шілде күні төрт ел басшылары кеңесінде келесі кездесуде Владимир Зеленский, Владимир Путин, Ангела Меркель мен Эммануэль Макрон мүшелік ететіні сөз қозғалғанын атап өтті.
"Барлығы Ресеймен тікелей келіссөзден сескенеді. Ол кезде барлық санкциялар алынып тастайды деседі. Шыны керек, бұл модельді түсінбеймін. Санкциялар Ресей Федерациясының президентімен келіссөздерден емес, Ресейдің Қрымды бізден тартып алғаннан, аймақтың уақытша қоршап алынғанын қолдауынан деп ойладым", - деді Зеленский YouTube парақщасында жарияланған видеода.
Оның айтуынша, Украинаның барлық серіктестері Путинға қоңырау шалуға қарсы болған еді.
"Ең алдымен Украина мен оның азаматтары мәселемсі болған соң Путинге қоңырау шалуды шештім. Сондықтан біз батыстаға серіктерімізге қолдау үшін алғысымызды білдіргенмен, өз ойымызды ұстануымыз қажет", - деседі украиналық елбасы.
"Барлығы мені сол келіссөзбен қорқытатын. Алайда, шындық серігің болғанда сескенудің түгі де жоқ. РФ президенті бұл мәселеде теңбе-теңдік сақтау қажет деп айтты. Турасын айттым, бұған келіскеніммен, біздің уақытша қоршап алынған аймақтағы азаматтарымыз саны сол аймақты бақылайтын адамдардағы тізіммен сәйкес келмейді. Алдымен Ресейде, Қрымда заңсыз тұтқында отырғандарды босатайық, теңізшілерден бастайық. Меніңше, бұл келіссөзді қайта орнатуға және соғысты тоқтатуға бастама бола алады", - деп қорытындылады Зеленский.