Иран билігі Қасым Сүлейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған Сейед Махмуд Мусави-Маджді өлім жазасына кесті. Бұл туралы соттың ресми өкілі Ғоламхуссейн Есмаили мәлімдеді.
Вашингтон белгілі бір талаптар орындалмаса, Ирактың мұнай саудасынан түскен қаражаты сақталған АҚШ-тағы үкіметтік банк шоттарын қолдануға мүмкіндік бермейтінін ескертті.
Ирактағы АҚШ базаларына Иран тарапынан зымыранмен соққы жасау кезінде қанша адам қаза тапқаны туралы мәліметтер пайда болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
Иран жоғары басшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN-ге берген сұхбатында Тегеран ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын және бұл шара америкалық әскери нысандарға қарсы бағытталатынын айтты.
Иран ислам республикасының көрнекті өкілі, генерал Қасым Сүлейманидің қазасына орай үш тәуліктік аза тұту күнін жариялады. Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту – Кек туы көтерілді.