Журналист президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметінше, бастапқыда көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. Жиында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын, бірақ жобаның жүзеге аспай жатқанын айтқан.
Бірақ шенеуніктер Яровскаяның бұл сұрағына наразы болды. Олар өңір басшысының мұндай белсенділігін аса құптамайды дейді. Телеарна редакциясы басқа сұрақ қоюы тиіс болған екен.
Яровская РИА Новости басылымына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтады. Бірақ ол нақты қандай себеп болғанын айтпады.
"Баспасөз қызметіндегілерде оны жұмыстан шығарып жіберді деген ақпарат жоқ. Бүгін Алиса Яровская өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтініш жазды", - деп хабарлады Дмитрий Артюхов губернаторының баспасөз қызметі.