USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғызстанның ҰҚК басшысы қызметінен кетті

  • 09.августа.2019, 18:00,
  • 507

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев республикадағы жағдайдың ушығуына байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мен президентке отставкаға кеткім келетінін хабарладым. Оған менің де кінәм бар. 3500 сарбаздың барлығын жұмылдыру керек еді, олай болған жоқ", - деді Опумбаев. Бұл туралы ол парламенттің кезектен тыс отырысында депутаттар алдында есеп беру барысында мәлімдеді. 


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы Орозбек Опумбаев депутаттар алдында есеп бере отырып, Алмазбек Атамбаевты ұстау барысында қоластындағы адамдарға оқ атпауға бұйрық бергеніне өкінетінін айтты.


"Атамбаевтың қарусыз адамдарға шабуыл жасайтынын ешкім күткен жоқ. Шынымды айтсам, оған шабуыл жасауға бұйрық бермегеніме өкінемін", - дейді Орозбек Опумбаев. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kg
Тағы да оқыңыздар:
09.08.2019
09.08.2019
08.08.2019
07.08.2019
07.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930