АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 4:45-те Кантилан муниципалитетінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 км қашықтықта сезілген.
Филиппин билігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің салдарынан кемінде 25 адам зардап шекті. Сондай-қ шіркеу, өрт сөндіру станциясы сияқты ғимараттар бұзылып, тұрғын үйлер қираған.
Филиппинді басқару, қауіп-қатерлер мен қайғылы жағдайларды азайту жөніндегі Ұлттық кеңестің мәлімдемесінде көптеген үйлер мен ғимараттардың қирағандығы айтылады.
Сондай-ақ көптеген үйлердің қабырғалары жарылған.
Зілзала әсіресе Карраскал, Кантилан, Кармен, Мадрид, Лануза пен Кортес ауылдарына көп зардабын тигізген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілді.