Сәрсенбі күні Страсбургте өткен екінші раундта Д. Сассолиді қолдап 345 депутат дауыс берген. Оның өкілдік мерзімі - 2,5 жыл, содан кейін жаңа президент сайланады.
«Еуропаның консерваторлары мен реформашылдары» тобының өкілі, чех Ян Заградил 160 дауыс, «Жасылдар - Еуропаның еркін альянсы» фракциясының өкілі, германиялық Ска Келлер 119 дауыс, «Еуропаның бірлескен солшылдары / солтүстіктің солшыл-жасылдары» саяси тобы ұсынған испаниялық Сира Рего 43 дауыс жинаған.