Белсенділер ресейлік депутаттар тұрып жатқан қонақүйді қоршағанымен, полиция оларды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Қонақүйден шыққан Гавриловқа наразылар су шашып, қарсылық білдірді. Мұнан соң ресейлік шенеуніктер елге қайтуға мәжбүр болды.
Гавриловты Ресей президенті Владимир Путиннің серігі деп санайтын грузиялық азаматтар ол Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдірген Мәскеудің іс-әрекетін құптайды деп есептейді.
Бұрын Совет одағына кірген Грузияда Ресей ықпалы – нәзік тақырып. 2008 жылы екі ел арасында әскери жанжал болып, Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлініп шыққан. Ресей қолдауына ие болған сепаратистер 2008 жылғы қақтығыстан соң осы екі аймақты бақылауына алған. Мәскеу оларды тәуелсіз мемлекет деп мойындап, төрт мың әскерін орналастырды. Содан бері Ресей мен Грузия арасында ресми дипломатия орнаған жоқ.