Сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға халықтың 97,76% қатысқан, оның 66,14 пайызы өз дауысын Эрик Адамсқа берген.
Адамстың басты қарсыласы болған республикалық Кертис Слива өзінің жеңілгенін мойындады. Адамс қара басшысы ретіндегі міндеттеріне 1 қаңтардан бастап кіріседі.
Сайлауалды бағдарламасында Адамс құқық қорғау органдарының шығындарын оңтайландыруға уәде береді. Ол ауыр қылмыстармен күресуге баса назар аударғысы келеді. Саясаткер қара нәсілділер санын, сондай-ақ полиция қатарындағы басқа нәсіл өкілдерін көбейту керек деп санайды. Денсаулық сақтау саласында да ұлтаралық алшақтықты жоюға уәде береді.
Сонымен қатар, ол Нью-Йорк полициясының бастығы ретінде алғаш рет әйел адамды тағайындамақ.
Эрик Лерой Адамс – Бруклиннің 18-ші президенті. Демократиялық партияның жақтаушысы. 2013 жылғы 5 қарашада президент лауазымына сайланды. Адамс 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін штат сенаторы болды. Бұған дейін ол 22 жыл Нью-Йорк полициясында жұмыс істеген. Полиция бөлімінде Адамс капитан дәрежесіне дейін көтерілген.