USD 503.05
EUR 542.99
RUB 5.98
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған күдікті қайтыс болды

  • 15.июля.2021, 16:22,
  • 268

26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа қайтыс болды. 

Sova.news-тің хабарлауынша, ол ауруханада қайтыс болған, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

Адвокат Лаша Шукакидзенің айтуынша, оның қорғаушысы бір апта бұрын түзеу мекемесінен ауруханаға ауыстырылған. Қорғаушы айыпталушымен кездескісі келгенде, оған Тордуаның ес-түссіз жатқаны жеткізілген.


Дәрігерлер маған Тордуаның басында қан ұйығанын айтты, - дейді Лаша Шукакидзе.


Қазақстандық бойжеткеннің отбасы келтірген адам саудасы дәйегіне сүйенсек, Әсел үйінде тұрып жатқан туысы оны сатып жіберген.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның туысқан апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қызды балағаттап, қорлап жатқаны естіледі.

Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, оған зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша айып тағылды. Оған 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнді. Сонымен қатар, марқұмның туысы Мұрат Мейірбековке де сырттай айып тағылды. Кейін ол Қазақстанда ұсталды.



#ӘселАйтпаева #БесикТордуа #Грузия #Қазақстан #зорлық-зомбылық


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2021
08.08.2020
29.07.2020
02.04.2020
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930