USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Путиннің Ресейдегі рейтингісі 2014 ж бері ең төменге түсті

  • 10.желтоқсан.2021, 13:46,
  • 102

Егер келесі жексенбіде президент сайлауы өтетін болса, ресейліктердің 32 пайызы Кремльдің қазіргі басшысы Владимир Путинге дауыс береді. Бұған 2021 жылдың 25 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында жүргізген Левада орталығының сауалнамасының нәтижелері дәлел.

Сәуірмен салыстырғанда Путиннің сайлауалды рейтингі 8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, бұл 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Басқа ресейлік саясаткерлердің рейтингі айтарлықтай төмен.


Мәселен, Ресей Либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді респонденттердің 3%-ы , РФ Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюгановты 2%-ы қолдауға дайын.


Бұл ретте респонденттердің 27%-ы дауыс бермейтінін айтса, 21%-ы таңдау туралы шешімге келмеген. Президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін мәлімдеген респонденттердің арасында Путиннің рейтингі биылғы сәуірмен салыстырғанда 7%-ға төмен.  2014 жылдан бері алғаш рет Путинді қолдау 50%-дан төмендеді. Респонденттің үйінде жеке әңгімелесу әдісімен 137 елді мекенде барлығы 18 жастан асқан 1 603 адам сұралды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.11.2021
24.10.2021
21.09.2021
20.12.2020
22.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031