USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Украиндықтардың 80% өз ана тілі ретінде - украин тілін есептейді

  • 09.қараша.2021, 16:05,
  • 168

Украиндықтардың 78,3%-ы украин тілін ана тілім деп санайды. Бұған 8 қарашада жарияланған "Илько Кучерив" демократиялық бастамалар қоры Разумков орталығымен бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижелері дәлел.

Респонденттердің 18 пайызы ана тілі орыс тілі екенін айтты. Респонденттердің 1,1%-ы басқа тілді ана тілім деп санайды. Украиндықтардың тағы 2,6 пайызы жауап беруге қиналған. Әлеуметтанушылардың айтуынша, респонденттердің 41,1%-ы жағдайға байланысты басқа таныс тілге ауыса алады.


Бұл ретте респонденттердің 40,6%-ы қарым-қатынас тілін ешқашан өзгертпейтіндерін алға тартады. Украиндықтардың 13,9%-ы сұхбаттасушы олармен сөйлесетін тілге үнемі ауысатынын айтты.


Сауалнама 29 шілде мен 4 тамыз аралығында Украинаның оккупацияланған Донецк және Луганск облыстары, сондай-ақ Қырым аумақтарынан басқа барлық аймақтарында 18 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 2019 респондент қатысты. Теориялық іріктеу қатесі 2,3 %-дан аспайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.11.2021
08.07.2021
25.02.2021
28.11.2020
22.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031