USD 474.72
EUR 515.17
RUB 5.58
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жириновский өз партиясы жайлы пікірін білдірді

  • 21.қыркүйек.2021, 15:27,
  • 180

Ресейдің либерал-демократиялық партиясының (РЛДП) кәрі көсемі Владимир Жириновский сайлау науқаны туралы айтты.

Ол либерал-демократиялық партиясының саяси мағынада екі ерлікке қол жеткізгенін атап өтті.


"Біріншісі Хабаровск өлкесінде болған жағдай. Онда либерал-демократиялық партиясының бұрынғы губернаторы Сергей Иванович Фургалды қолдау үшін он мың адам алты ай бойы көшеге шықты. Белсенділерді сол жаққа жіберіп, Қиыр Шығыс аймақтарының көптеген заң шығарушы жиналыстарында басым көпшілікке ие болатын депутаттарымызға нұсқаулар беріп, бұл жағдайды өз мүддемізге қолдана аламыз. Осылайша бүкіл Қиыр Шығыстан күшті саяси допинг аламыз", - деді ол өз Telegram каналында.


Екінші ерлігі пандемияға қарсы күресі екен.


"Инфекцияны аз да болсын төмендету үшін елдегі санитарлық ережелерді қатаң сақтауды талап еткен жалғыз партиямыз. Біз бәрінен екпе алуды сұрадық. Иә, егер біз екпеге қарсы болсақ, көпшілік бізді қолдайтын еді. Бірақ біз үшін азаматтардың денсаулығы бірінші орында", - деп жалғастырды Жириновский.


Думаға және жергілікті сайлауда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті.


Мемлекеттік Думаға сайлауда "Единая Россия" партиясы 49,82 пайызбен басымдығын сақтады, Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы - 18,93 пайызбен екінші, либерал-демократиялық партия - 7,55 пайызбен үшінші орын алды. Хаттамалардың жүз пайызы өңделді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.11.2020
11.10.2020
12.08.2020
12.07.2020
21.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031