USD 494.63
EUR 583.22
RUB 6.42
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңа Зеландияда темекі сатуға тыйым салынады

  • 10.желтоқсан.2021, 12:34,
  • 167

Жаңа Зеландияда 2008 жылдан кейін дүниеге келгендерге өмір бойы темекі сатып алуға тыйым салатын заң қабылданды.

"Жастарымыз ешқашан темекі шекпейді деген сенімдеміз. Ал оларға шылым сату – қылмыспен тең", - деді Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Айеши Верралл.


Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, шектеулер 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Осы мақсатта алдымен темекі сататын сауда орындарының санын қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен бірге бұл елді 2025 жылға қарай темекінің құрамындағы никотиннің мөлшерін төмендету көзделген.


2025 жылға қарай Жаңа Зеландия халқының 5%-ы ғана темекі шегетін болады деген жоспар бар. Қазіргі уақытта 15 жастан асқан жаңа зеландиялықтардың 11,6%-ы, ал ересектердің 29%-ы шылым шегеді.


Айта кетерлігі, әзірге әлем бойынша Бутанда ғана шылым сатуға мүлдем тыйым салынған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.09.2021
14.06.2021
19.01.2021
11.08.2020
20.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728