USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Эйр Астана" бортында темекі шеккен украиналық жазаланды

  • 19.қантар.2021, 18:15,
  • 392

Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жазаланды. 17 қаңтарда "Эйр Астана" әуекомпаниясынан Киев - Алматы әуерейсінің бортында құқықбұзушы отырғаны туралы хабарлама түсті. 

Тексеру кезінде көлік полицейлері Украинаның 33 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшақта отырғанда электрон сигарет шеккен, яғни ұшу қауіпсіздігі ережесін бұзған.

"Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігіне (Әуе кемесінің бортында темекі және (немесе) электрон сигаретін шегу) сәйкес, хаттама толтырды және 50 АЕК айыппұл салды", - делінген хабарламада.

2020 жылы еліміздің көліктегі полицейлері әуе кемесіндегі түрлі құқықбұзышылық үшін 394 адамды, оның ішінде 34 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әкімшілік құқықбұзышылық үшін 93 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.


#эйрастана #ұшақ #темекі #айыппұл #жаза 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.07.2020
11.06.2020
20.02.2020
08.01.2020
08.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031