USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Американың Ресейге қарсы санкциясы күшіне енді

  • 14.июня.2021, 12:14,
  • 314

14 маусымда америкалық қаржы институттарына Ресейдің рубль түріндегі жаңа мемлекеттік облигацияларын сатып алуға тыйым салатын АҚШ-тың санкциялары күшіне енді. 

АҚШ-тың жаңа санкция салатындығы туралы сәуірдің ортасында жарияланды. Жаңа шектеулер елдің қаржы институттарына Ресейдің мемлекеттік облигацияларын алғашқы орналастыру кезінде сатып алуға тыйым салады. Дегенмен, оларға Ресейдің мемлекеттік облигацияларын екінші деңгейдегі нарықта сатып алуға және сатуға рұқсат етіледі.


Осылайша, АҚШ-тың 2019 жылы америкалық инвесторларға Ресей үкіметінің еурооблигацияларының жаңа шығарылымдарын сатып алуға енгізген тыйымының аясы кеңейіп келеді.


Бұл тыйым Ресейдің Қаржы министрлігі өткізетін алғашқы бәс саудада федералдық заем облигацияларын (ФЗО) сатып алуға қатысты. Содан бері Ресей евро түріндегі еврооблигацияларымен қарыз беруші сыртқы нарыққа екі рет шықты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.02.2021
11.11.2020
16.08.2020
12.08.2020
01.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031